+7 (701) 459 12 19
page banner

He Гелий

Баллондарда жеткізіледі (көлемі: 50л дейін, жұмыс қысымы 150/200 бар).

Жеке жағдайларда арнайы реципиентте жеткізіледі (көлемі: 4400 м3, жұмыс қысымы: 250 бар).

Қолданылуы:

Газ тәріді гелий — озық өнеркәсіптік және ғылыми технологияларда кеңінен сұранысқа ие бірегей қасиеттері бар әмбебап газ.
Инерттілігі мен ерекше физикалық сипаттамалары арқасында гелий келесідей қолданылады:

  • криогендік жүйелерде және жоғары дәлдіктегі салқындату қондырғыларында;
  • газ хроматографиясы мен аналитикасындағы мінсіз тасымалдаушы және қорғаныс газы ретінде;
  • дәнекерлеуде және металлургиялық процестер кезінде таза инертті атмосфераны жасау үшін;
  • медицина мен терең сулы дайвингке арналған тыныс алу қоспаларында;
  • максималды сезімталдық пен сенімділік қажет болатын ағып кетуді анықтау жүйелерінде;
  • аэростаттарда, сынақ жабдықтарында және аэроғарыштық технологияларда;
  • газдың тазалығы мен тұрақтылығы маңызды болатын электроника мен жартылай өткізгіштер өндірісінде.
He Гелий
He Гелий
Ыдыс және жиынтық

Баллон материалдары:

  • көміртекті және легирленген болат;
  • металл композиттік баллондар;
  • алюминий баллондары.

Сыйымдылығы:

  • баллондар — 50 дм³ дейін;
  • арнайы реципиенттер — 4400 дм³ дейін.

Жұмыс қысымы:

  • баллондар —150 / 200 бар;
  • реципиенттер — 250 бар.

Жабдықтау:

  • жезден немесе тот баспайтын болаттан жасалған мембраналық тиекті шұралар;
  • редукторлармен және дәл реттеу шұраларымен жабдықтау мүмкіндігі.
Техникалық сипаттамалар

ЖШС СТ 050340012409-01-2025 бойынша "Газ тәріздес гелий (сығылған)" сапа көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы Нормасы
Маркасы 6.0 Маркасы 5.5 Маркасы 5.0 Маркасы А Маркасы Б
He көлемдік үлесі, кем емес 99,9999 % 99,9995 % 99,999 % 99,995 % 99,990 %
H2 көлемдік үлесі, артық емес 0,000005 % 0,00003 % 0,00005 % 0,0001 % 0,0025 %
N2 көлемдік үлесі, артық емес 0,000045 % 0,0002 % 0,0002 % 0,0005 % 0,002 %
O2+Ar көлемдік үлесі, артық емес 0,000015 % 0,00005 % 0,0001 % 0,0001 % 0,0006 %
CO2+CO көлемдік үлесі, артық емес 0,00001 % 0,00005 % 0,0001 % 0,0002 % 0,001 %
Көмірсутектердің көлемдік үлесі, метанға қайта есептегенде, артық емес 0,00001 % 0,00002 % 0,00005 % 0,0001 % 0,0005 %
Ne көлемдік үлесі, артық емес 0,000015 % 0,0001 % 0,0005 % 0,0040 % 0,0090 %
Су буларының көлемдік үлесі, артық емес 0,0002 % 0,0003 % 0,0005 % 0,0005 % 0,0020 %

 

Қалай тапсырыс береді
  1. Өтінімді сайтта қалдырыңыз немесе біздің мамандармен хабарласыңыз.
  2. Қажетті компоненттік құрамды, концентрация ауқымын және баллондардың қажетті көлемін хабарлаңыз.
  3. Біз талаптарыңызды ескере отырып, техникалық шешім мен коммерциялық ұсынысты дайындаймыз.
  4. Келіскеннен кейін стандартты үлгіні нормативтік құжаттамаға сәйкес жасаймыз.
  5. Дайын өнім паспортпен, затбелгімен және барлық қажетті ілеспе құжаттамамен бірге жеткізіледі.